Турнир Грекияда өтті
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, дзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогінде Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды.
Жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс пен 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді, – делінген ақпаратта.
Атап айтқанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі) және Расул Мұқым (-81 келі) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 келі), Даниял Сейілхан (-50 келі) мен Алтынбек Қонысбай (-60 келі) күмісті олжалады. Ал Нұрдос Досберген (-60 келі), Марғұлан Игілік (-60 келі) және Әділжан Жаудинов (+90 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.