Бірнеше спортшы үздік ондыққа кірді
Еліміздің мергені Никита Чирюкин Азиялық рейтингтің көшбасшысы атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, оқ атудан Қазақстан құрамасының спортшысы Никита Чирюкин Азияның жаңартылған ASC рейтингінде бірінші орынға ие болды.
Чирюкин 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ атудан 1500 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап отыр, – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, үздік ондыққа еліміздің атынан Константин Малиновский де енді. Ол 50 метрден кіші калибрлі мылтықпен үш позициядан оқ ату бойынша бесінші орында тұр. Әйелдер арасында дәл осы дисциплинада Александра Ле жетінші орын иеленді. Ал Валерий Рахимжанов пневматикалық тапаншамен 10 метрден оқ ату бойынша рейтингтің бесінші сатысына орналасты.