Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президентімен кездесті
Осы спорт түрін Қазақстанда дамыту перспективасы талқыланды
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен жүздесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.
IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және еліміздің дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.