Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық конькиші тарихи турнирде қоржынға жалғыз алтынды салды

Оның алдында Надежда Морозова күміс жүлде алған болатын

 Халық үні 17.11.2024 | 22:25
Қазақстандық конькиші тарихи турнирде қоржынға жалғыз алтынды салды
фото: Takashi Aoyama/International Skating Union via Getty Images

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Виталий Щиголев Жапонияның Хачинохе қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Halyq Uni Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Виталий Щиголев 62 спринт ұпайын жинап, 8 минут 22,05 секунд уақыт көрсеткішін тіркеді. Бұл бәсекеде екінші және үшінші орындарды Канада спортшылары Дэвид Ла Руа мен Хайден Майер иеленді.

Осылайша, Виталий Щиголев чемпионатта Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді салды. Тағы бір қазақстандық конькиші Вадим Якубовский дисквалификация алуына байланысты жарыстан шеттетілді.

Жалпы, Қазақстан құрамасының конькишілері бұл жарыста барлығы 3 медаль жеңіп алды. 17 қарашада Надежда Морозова 1000 метр қашықтықта күміс жүлде алса, 15 қарашада әйелдер арасындағы командалық спринтте Надежда Морозова, Дарья Важенина және Кристина Силаева қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Жапониядағы турнир 17 қарашаға дейін жалғасты. Бұл жарыс алғаш рет 2020 жылы өткізілген болатын. Оны екі рет Канада және АҚШ қабылдаған. Биылғы жарыс тарихқа енбек, себебі алғаш рет Азияда өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама