Шавхат Рахмоновтың 7 желтоқсандағы кездесуі ресми бекітілді

Ербол Тұрымбет

Ол ирландиялық спортшымен шығады

Фото: instagram/ufc

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық жеңілмеген файтер Иан Машадо Гэрри, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол UFC-ге 2021 жылы дебют жасап, сол уақыттан бері 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Біләл Мұхаммадпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты. Сол себепті басты жекпе-жектің орнына Рахмонов пен Гэрридің айқасы ұйымдастырылып отыр.