Отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Түркия астанасы Анкара қаласында өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (екінші сақа) алтыннан алқа тақты, – деп мәлімдеді елорда әкімдігі.
Отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын жеңіп алды. Екінші орынды Қырғыз елінің спортшылары иеленсе, үздік үштікті түркиялық спортшылар түйіндеді.