Ол финалда астаналық Бағдат Сабазды айқын басымдықпен ұтты
Әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбет Таразда күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогында топ жарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл ретте грек-рим күресінің шебері 67 келіде бақ сынап, қарсыластарының бәрінен басым түсті.
Ол жартылай финалда былтырғы ҚР кубогінің финалисі Мерей Бекеновке қарсы күресіп, тартысқа толы өткен белдесуде 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ал финалда астаналық Бағдат Сабазды айқын басымдықпен ұтты.