Финалдағы кездесу 3 сағаттан астам уақытқа созылды
Америкалық Кори Гауфф Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) қорытынды турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлемнің 3-ракеткасы – 20 жастағы америкалық Кори Гауфф финалда әлемдік рейтингіде 7-сатыда тұрған қытайлық, Париж Олимпиадасының чемпионы Чжэн Циньвэньмен бас жүлдені сарапқа салды.
Кездесу 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде 3:6, 6:4, 7:6 (7:2) есебімен Гауфф жеңіске жетті.
БАҚ хабарлауынша, Гауфф қорытынды турнир нәтижесінде 4,8 млн доллар пайда тапқан.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстаннның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді. Ол Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.