Алматыда жүзуден Қазақстан рекорды жаңарды
Отандық спортшылар тағы бір рекорд орнатты
Алматыда жүзуден ел чемпионатының бірінші күні кеше аяқталды. Осы жарыс аясында оңтүстік астана командасы эстафетада Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша бірінші орында Аделаида Пчелинцева 31.02 көрсеткішімен көзге түсті. Ал Анна Пупко 33.66, Алина Мұрат 33.83 нәтижесімен үздік үштікке кірді. Ерлер арасында Артур Миронов 27.67 көрсеткішімен бой көрсетсе, Глеб Коваленя 28.05. Айбек Қамзенов 28.10 нәтижесімен үшінші орында келді.
200 метрге еркін жүзуден
Әйелдер арасында:
- Даниела Дю - 2.00.22
- Мария Федотова - 2.04.15
- Диана Тасжанова - 2.04.24
Ерлер арасында:
- Даниил Черепанов - 1.47.57
- Еламан Бибулаев - 1.48.48
- Ғалымжан Балабек - 1.48.48
100 метрге арқамен жүзу
Әйелдер:
- Ксения Игнатова - 59.57
- София Абубакирова - 1.00.43
- Елизавета Казанцева - 1.02.64
Ерлер:
- Егор Попов - 52.71
- Кирилл Любимов - 55.07
- Кирилл Шацков - 55.43
100 метрге көбелек әдісімен жүзуден
Әйелдер арасында:
- Софья Сподаренко - 1.00.43
- Айжан Түребаева - 1.01.92
- Арина Олифирович - 1.05.31
Ерлер арасында:
- Әділбек Мусин - 51.69
- Артём Шевченко - 53.70
- Ришат Жұмағұлов - 53.97
200 метр қашықтықта кешенді жүзу
Әйелдер:
- Анастасия Ермакова - 2.19.07
- Дария Токтобаева - 2.19.67
- Аруна Сламқызы - 2.25.66
Ерлер:
- Максим Сказобцов - 1.59.17
- Даниель Гальва - 2.04.37
- Данил Чужинов - 2.07.37
Эстафета 4/100, еркін стиль
Әйелдер арасында:
- Түркістан - 3.53.27
- Шымкент - 3.54.66
- Алматы 1 - 3.55.01
Ерлер арасында:
- Алматы 1 - 3.17.89 (Қазақстан рекорды)
- Шымкент - 3.19.20
- Астана 1 - 3.19.72.
Бұған дейін еліміздің жүзушілерінің Сингапурде екі рекорд орнатқаны жайлы жазған едік.