Қазақстандық спортшы WTA турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді.
Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті, – делінген ақпаратта.
Бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді. Сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.