Еліміздің 7 боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты
Бірнеше жас спортшы медальға жақындады
Қазақстанның 7 боксшысы жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, еліміздің жастар құрамасының 7 өкілі Черногорияның Будва қаласындағы әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі.
Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Елянур Турганова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) мен Аружан Зейноллаева (81 кг) финалға өтті, – делінген ақпаратта.
Ал Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг жоғары) Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (81 кг жоғары) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.