Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Халық үні

Осылайша, елімізден 2-жыл қатарынан осы спорт түрінен әлем чемпионы шықты

фото: Спортты дамыту дирекциясы

Еркін күрестен Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Нұрқожа Қайпанов Албанияның бас қаласы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Halyq Uni

Отандасымыз финалда жапон балуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті. Есеп: 3-5.

Еске сала кетсек, Нұрқожа Қайпанов дәл осы салмақта (70 келі) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді. 

Осылайша, елімізден 2-жыл қатарынан еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын.

Бұл жолы Нұрқожа Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.

Осымен Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.