Жас спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді
Мысырда өтіп жатқан үстел теннисі турнирінде еліміз тағы екі жүлде алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медальмен көзге түсті.
Екінші орынды Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) иеленді, – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Бекмұхамбетованың 13 жастағы спортшылар категориясында бірінші орын алғаны жайлы жазған едік.