Үстел теннисі: қазақстандық спортшы Мысырда алтын алды
Жас теннисші жеңіс тұғырынан көрінді
Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Исмаилияда өтіп жатқан (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, ол 13 жас категориясында үздік деп танылды.
11 жастағы спортшы қыз жеті матч өткізіп, оның бәрінде жеңімпаз атанды, – делінген ақпаратта.
Ол биыл тамызда Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен болатын.