Зағип спортшылар арасында да ұйымдастырылады
Елордада 8-10 қараша аралығында спорттық және жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағип спортшылар арасында самбодан әлем біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, турнир Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Жарысқа 80 елдің спортшылары қатысады. 6-7 қарашада командалар аккредитациядан өтіп, қонақүйлерге тіркеледі. Оқу-жаттығу жиындары елордада жарыс басталар алдында – 25 қазанда басталады.
Бұл жарыстардың басты ерекшелігі – әйелдер алғаш рет жауынгерлік самбодан бақ сынаса, сонымен қатар зағип (SVI1 санаты – мүлдем зағип) спортшылар арасында самбо күресі өтеді. Сондай-ақ, әлем чемпионаты 2025 жылы Чэндуде өтетін Дүниежүзілік ойындарға соңғы іріктеу турнирі болмақ, – деп қосты ведомство.
Біріншілік келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді: