Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

Халық үні

39 жастағы футболшының нарықтағы құны – 15 миллион еуро

фото: m.sports.ru

Әлемге әйгілі футболшы, бүгінде «Аль-Наср» шабуылшысы Сауд Арабиясы Про-Лигасының жетінші турындағы «Аш-Шабаб» клубымен өткен матчта рекордтық 907-голын соқты, деп хабарлайды Halyq Uni «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Роналду ресми матчтарда осынша гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды. Ол Форвард «Спортинг» үшін 5, «Манчестер Юнайтед» үшін 145, «Реал» үшін 450, «Ювентус» үшін 101, «Аль Наср» үшін 73 және ұлттық құрама үшін 133 гол соққан.

Бүгінде шабуылшы футбол тарихындағы, ұлттық құрамалардағы, Еуропа чемпионатындағы, Чемпиондар лигасындағы және клубтар арасындағы әлем чемпионатында үздік шабуылшы (бомбардир) болып қала береді.

Ойыншының қазіргі клубпен келісімшарты келесі жазға дейін жасалған. Transfermarkt интернет-порталының мәліметінше, 39 жастағы футболшының нарықтағы құны 15 миллион еуроға бағаланған.