Қазақстандық велоспортшы үздік ондыққа енді
Бұл – әлем чемпионатының нәтижесі
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан әлем чемпионатында он үздік спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Кирилл Курдиди Буллеруптегі (Дания) әлем чемпионатында үздік он спортшы қатарына ілінді.
Ол гит бойынша сәтті өнер көрсетті (1000 метр). Осылайша, спортшы әлем чемпионатының финалына шықты. Шешуші раундта Курдиди жетінші болып келіп, әлем чемпионатының үздік он спортшысы қатарына ілікті, – делінген ақпаратта.
Сайыста бірінші болып Харри Лаврейсен (Нидерланды) келсе, екінші орынды Джеффри Хугланд (Нидерланды) алды. Үшінші орын Джозеф Труманға (Ұлыбритания) бұйырды.