Halyq Uni логотип
×

Елордада бәйге мен көкпар жарыстары өтті

Екі спорт түрінің жүлде қоры 32 млн теңгені құрады

 Қымбат Елтайқызы 13.10.2024 | 16:04
Елордада бәйге мен көкпар жарыстары өтті
фото: Астана әкімдігі

Астанадағы «Қазанат» атшабарында Республика күні және ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Ұлттық ат спорты фестивалі аясында бәйге мен көкпардан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, 11 қазан күні көкпармен басталған жарыста Солтүстік өңірден жиналған 7 команда топтық кезең арқылы жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салды. Ал кешегі турнирдің қорытындысы бойынша, Қостанай облысы финалда бас қаланы жеңіп, чемпион атанса, Қарағанды қаласының спортшылары Қарағанды облысынан басым түсіп, қола жүлдеге ие болды. Жеңімпаз – 5 млн, 2-орынға – 3 млн, 3-орынға – 2 млн, 4-орынға – 800 мың, 5 пен 6-орындарға 600 мың теңге сыйақы табысталды.

Ал фестиваль аясында 12 қазан күні бәйге түрлерінен сайыстар өтті. Яғни, құнан бәйге, жорға жарыс, топ бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барша жерлесіміздің назарын аударып, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрімізді қайта жаңғыртуға, қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Енді қалыптасқан жолды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Осы орайда заманауи «Қазанат» ипподромында 2 күн бойы көкпар мен бәйге түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Көкпардан жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге, бәйге түрлеріндегі жалпы жүлде қоры – 20 млн теңгені құрады, – деді елорда мәслихатының төрағасы, Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Қаналимов.

Көкпар бәсекесінен кейін, ипподромға жиналған көрермен жорға жарыс, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйгеден жеңімпаздарды анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама