×

Астанада Ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді

Тағы бір спорттық шара болады

 Қымбат Елтайқызы 09.10.2024 | 17:50
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Елорда әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Республика күні мен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай Ұлттық ат спорты түрлерінен фестивалі өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, фестиваль аясында бәйге мен көкпардан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстар 11-12 қазан күндері елорда маңындағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Бәйге сайысы 12 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Сондай-ақ, фестиваль аясында көкпардан Солтүстік аймақтың тума шабандоздарына арналған турнир ұйымдастырылады. Іріктеу ойындары 11 қазан күні 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Финалдық ойындар 12 қазан күні 09:00-де басталады, – деп қосты ведомство.

Ойындардың жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге. Сайыс аяқталғаннан кейін көрермендердің арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кіру тегін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама