Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында қола алды

Қымбат Елтайқызы

Халықаралық дода көрші мемлекетте өтіп жатыр

фото: olympic.kz

Талғат Орынбасар дзюдодан әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, еліміздің дзюдошысы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлде иеленді. Ол үшінші орынға таласта әзербайжандық Низами Имрановтан басым түсті, – делінген ақпаратта.

Бұл аталған біріншіліктегі Қазақстан командасының алғашқы жүлдесі.