Астанада шорт-тректен чемпионат басталды

Қымбат Елтайқызы

Ол іріктеу біріншілігі саналады

фото: olympic.kz

Бүгін елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, республикалық турнир іріктеу мәртебесіне ие. Оның нәтижесі бойынша еліміздің жаңа маусымдағы құрамасы жасақталады. Оған жарыстар жеңімпаздары енеді.

Сонымен бірге, құрамаға уақыт және рейтингідегі орны бойынша үздік деп танылған спортшылар кіреді.