Қазақстандық спортшылар стенд атудан Азия кубогін 6 алтынмен аяқтады

Қымбат Елтайқызы

Тағы қандай жүлде алғандары белгілі болды

фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар стенд атудан Азия кубогін 6 алтынмен аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогі өз мәресіне жетті.

Додада Қазақстан командасы алты алтын мен бес қола медаль еншіледі. Оның ішінде Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Никита Моисеев (жасөспірімдер арасында), сонымен бірге әйелдер, ерлер және аралас командалар (скит) топ жарды, – делінген ақпаратта.

Ал күміс жүлдені Әлішер Айсалбаев, трап пен дубль-траптан ерлер командасы жеңіп алды.

Үшінші орынға Марк Почивалов (трап), Давид Почивалов (скит), Айжан Досмағамбетова, Владлен Калимулин және әйелдер командасы (трап) табан тіреді.