×

Азия кубогі: Қазақстан командасы стенд атудан 4 медаль жеңіп алды

 Қымбат Елтайқызы 24.09.2024 | 11:17
фото: olympic.kz

Стенд атудан Алматы облысында өтіп жатқан Азия кубогінде Қазақстан қоржыны төрт медальмен толықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, траптан жасөспірім ұлдар арасындағы турнирде қазақстандық Никита Моисеев топ жарды. Бұл сында күмісті Кувейт, қоланы Өзбекстан спортшысы иеленді. 

Трап жаттығуы бойынша ерлер арасындағы финалда алтын медаль кувейттік Насер Мекладтың еншісінде кетті. Ол әлем және Азия рекордын жаңартып, жеңіске жетті.  Күміс пен қола жүлдені тиісінше қазақстандықтар Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов жеңіп алды, – делінген ақпаратта.

Траптан әйелдер арасындағы финалдық сында қазақстандық Айжан Досмағамбетова қола жүлдегер атанды. Ол Қытай мен Бахрейн спортшыларымен бірге үздік үштікке енді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама