Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Қымбат Елтайқызы

Тағы бір жарыс ұйымдастырылады

фото: olympic.kz

Астанада шорт-тректен ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, турнир 1-5 қазан аралығында ұйымдастырылады. 

Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады, – делінген ақпаратта.

Алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері өтеді. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы турнирлерді бастамақ.