Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің ондығына енді

Беделді рейтинг нәтижесі жарияланды

 Қымбат Елтайқызы 18.09.2024 | 10:33
Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің ондығына енді
фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа кірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады. 

48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар, – делінген ақпаратта.

Ол Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. Ал мамырда Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама