Жамбы ату төрт стильде өтті
Еліміздің садақшылары жамбы атудан жалпы есепте бірінші орында тұр, деп хабарлайды Halyq Uni.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жамбы атудан жарыс аяқталды. Жарыс 8-11 қыркүйек аралығында төрт стиль бойынша өтті: қазақ, венгр, түрік және корей. Жалпы медальдік есепте қазақстандық садақшылардың қоржынында 6 медаль: 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола бар, – деп мәлімдеді Ойындардың баспасөз қызметі.
Бұған дейін отандасымыздың теңге ілуден алтын алғаны жайлы жазған едік.