×

Қазақстандық садақшылар жамбы атудан жалпы есепте бірінші орында тұр

Жамбы ату төрт стильде өтті

 Қымбат Елтайқызы 12.09.2024 | 16:21
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Еліміздің садақшылары жамбы атудан жалпы есепте бірінші орында тұр, деп хабарлайды Halyq Uni.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жамбы атудан жарыс аяқталды. Жарыс 8-11 қыркүйек аралығында төрт стиль бойынша өтті: қазақ, венгр, түрік және корей. Жалпы медальдік есепте қазақстандық садақшылардың қоржынында 6 медаль: 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола бар, – деп мәлімдеді Ойындардың баспасөз қызметі.

Бұған дейін отандасымыздың теңге ілуден алтын алғаны жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама