Сайысқа 13 мемлекеттен 31 спортшы қатысып жатыр
Бүгін, 12 қыркүйек күні, Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілудің «Бес белес» стилінен алтын жүлде қазақстандық спортшы Бекнұр Серіковке бұйырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Спортшылардың арасындағы мықтылар финалға шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Kenzhebek uulu Adilbek (Kyrgyzstan) күміс жүлдеге ие болды. Қола медальді Bakos Csongor (Romania) еншіледі, – деп мәлімдеді Ойындардың баспасөз қызметі.
Теңге ілуден бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтті. Сайысқа 13 мемлекеттен 31 спортшы қатысып жатыр.