Halyq Uni логотип
×

Көшпенділер ойындары: қазақстандық спортшы теңге ілуден алтын алды

Сайысқа 13 мемлекеттен 31 спортшы қатысып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 12.09.2024 | 15:50
Көшпенділер ойындары: қазақстандық спортшы теңге ілуден алтын алды
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Бүгін, 12 қыркүйек күні, Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілудің «Бес белес» стилінен алтын жүлде қазақстандық спортшы Бекнұр Серіковке бұйырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Спортшылардың арасындағы мықтылар финалға шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Kenzhebek uulu Adilbek (Kyrgyzstan) күміс жүлдеге ие болды. Қола медальді Bakos Csongor (Romania) еншіледі, – деп мәлімдеді Ойындардың баспасөз қызметі.

Теңге ілуден бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтті. Сайысқа 13 мемлекеттен 31 спортшы қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама