Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық спортшы жамбы атудан алтын алды

Қоржынға тағы бір медаль түсті

 Қымбат Елтайқызы 10.09.2024 | 17:29
Қазақстандық спортшы жамбы атудан алтын алды
фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы.

Жамбы атудан Ералхан Айкөз алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жамбы ату спортының түрік стилінен алтын жүлдені Ералхан Айкөз, ал қоланы Айтбек Сарыбай жеңіп алды, деп мәлімдеді Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы.

Жарыс нәтижесі бойынша, Ералхан Айкөз алтын жүлде иеленді. Екінші орынды түркиялық спортшы Егит Керем алды. Қола жүлдені Айтбек Сарыбай еншіледі, – деп қосты ведомство.

Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама