×

Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

Қазақстандықтар тағы бір жеңіске қол жеткізді

 Қымбат Елтайқызы 10.09.2024 | 12:54
фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Halyq Uni Ұлттық және ат спорт түрлері орталығына сілтеме жасап.

АҚШ құрамасының ойыны бұрынғыға қарағанда дұрысталып қалған. Кеше көкбөрі ойнаған құрамы бүгін көкпар ойнады. Ертең жартылай финалда Ресей көкпаршыларымен кездесеміз. Тобымызда бес құрама болған соң финалға дейін үш кездесу өткізуіміз керек болды. Ал басты қарсыласымыз Қырғызстан бүгін Түркияны жеңсе финалға шығып тұр, – деді көкпардан ұлттық құрама бас бапкері Абылай Мәнкеев.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама