×

БАӘ біріншілігі: қазақстандық боксшы Азия чемпионы атанды

Тағы бірнеше спортшымыз жеңіс тұғырынан көрінді

 Қымбат Елтайқызы 10.09.2024 | 11:33
фото: olympic.kz

Алина Құдайгенова бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, бокстан Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында кезекті жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында бір спортшымыз чемпион атанды. 63 келіде бақ сынаған Алина Құдайгенова Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды, – делінген ақпаратта.

Төрт боксшымыз финалда сүрініп, күміс медаль иеленсе, алты спортшымыз қола медальді қанағат тұтты. Аға бапкер – Айбек Әбілда.

Күміс жүлдегерлер:

  • 48 келі. Айым Танкибаева;
  • 60 келі. София Ващенко;
  • 75 келі. Зарина Толыбай;
  • +80 келі. Сабина Жақсылық.

Қола жүлдегерлер:

  • 46 келі. Мадира Жұмахан;
  • 52 келі. Жамиля Болатбекқызы;
  • 57 келі. Айғаным Қадырхан;
  • 66 келі. Айсұлу Мұхит;
  • 70 келі. Камила Оспанова;
  • 80 келі. Айдана Убайдұллақызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама