×

Қазақстандық садақшылар «Пута» нысанасында 3 медаль алды

Жәнібек Құлмырзаев дәстүрлі садақ атудан жеңімпаз атанды

 Халық үні 09.09.2024 | 17:25
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Қазақстандық садақшылар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы сайысында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның ішінде дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев дәстүрлі садақ атудан алтын медаль алды.

«Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» хабарлауынша, «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ Қанат Қасымхан мен Айкөркем Батихан дәстүрлі садақ атудан қола жүлде алды.

9 қыркүйекте «Пута» нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама