×

Көшпенділер ойындарында қанша ерікті жұмыс істейтіні белгілі болды

Санаулы күннен кейін Ойындар басталады

 Қымбат Елтайқызы 05.09.2024 | 16:09
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1300 волонтер жұмыс істейді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаевтың мәліметінше, бірнеше бағыт бойынша 1300 ерікті қызмет атқарады.

«Волонтерлерден ойын алдында 4500-ден астам өтінім түсті. Оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түрікменстан мен Гана Республикасынан ниеттілер кездесті. Қазіргі таңда барлық ерікті қонақтарды қарсы алу, спорттық алаңдарда жұмыс істеу, көлік, тағам бағыттары бойынша жұмысын жүргізіп жатыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәжілісінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама