Қазақстанда тұңғыш рет стенд атудан халықаралық жарыс өтеді

Қымбат Елтайқызы

Отандық стенд атушылар Олимпиададан жүлдесіз оралған еді

фото: olympic.kz

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Жарыстың басты мақсаты – ату спортының танымалдығы мен спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар және төрешілердің кәсіби біліктілігін жақсарту, – делінген ақпаратта.

Стенд атудан ел құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ. Ойындарда Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.