Тоғыз спортшының бесеуі жеңіске жетті
Қазақстандық жас боксшылар Сербиядағы халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, 26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Сербияның Суботица қаласында бокстан халықаралық турнир өтті. Жастар арасындағы турнирге Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысып, оның бесеуі жүлдеге ілікті.
Атап айтсақ, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанды. Бес боксшы да жартылай финалда жеңіліс тапты, – делінген ақпаратта.
Сербиядағы халықаралық бәсекеге Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей мен Сербиядан боксшылар қатысты.