×

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды

Оған 22 мемлекет спортшысы қатысып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 04.09.2024 | 15:26
фото: olympic.kz

Алматы қаласында үстел теннисінен беделді WTT Contender Almaty бәсекесі басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, турнирге 22 мемлекеттен 120 спортшы қатысып жатыр. Алғашқы жарыс күнінде бірнеше қазақстандық теннисші сынға түсті. Олар келесідей нәтиже көрсетті.

Ерлердің нәтижесі: Бақдәулет Әкімәлі - Ценг Цзы-Ю (Тайпей) 3:2, Сағантай Құрмамбаев - Чинмая Сомайя (Үндістан) 3:2, Владислав Захаров - Фонг Джей Шерн (Малайзия) 3:1, Денис Жолудев - Хон Ю Тей (Малайзия) 3:0, Санжар Жұбанов - Джо Сейфрид (Франция) 2:3, Ирисбек Артукметов - Ким Гаон (Корея) 1:3, Дастан Кенжеғұлов  - Шохрух Искандаров (Узбекистан) 1:3.

Әйелдердің нәтижесі: Анель Бахыт - Альбина Жақсылықова (екеуі де Қазақстан) 3:1, Анель Бахыт - НГ Винг Лам (Гонконг) 0:3, Айя Әлімбаева - Саяника Маджи (Үндістан) 1:3, Алиса Цвигун - Ю Сиу (Корея) 1:3, Арай Әшкеева - Энн Уесава (Жапония) 0:3, Жанерке Көшкімбаева - Анджали Рохилла (Үндістан) 1:3, Гузель Торшаева - Карен Лайн (Малайзия) 0:3, Ангелина Романовская - Елена Захария (Румыния) 0:3. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама