Басты мақсат – садақ ату спортын насихаттау
Астанада садақ атудан Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, 30 қазан мен 4 қараша аралығында бас қалада садақ атудан халықаралық Гран-при турнирі өтеді.
Осымен төртінші рет ұйымдастырылатын додаға Қазақстан және алыс-жақын шетелдерден спортшылар қатысады, – делінген ақпаратта.
Дәстүрлі бәсеке садақ ату спортының кеңінен таралуына үлкен үлес қосқан бапкер Светлана Лиді еске алуға арналған.
Сондай-ақ, жарыстың басты мақсаты – балалар, жасөспірімдер әрі ересектер арасында садақ ату спортын насихаттау.