×

Елордада садақ атудан халықаралық турнир өтеді

Басты мақсат – садақ ату спортын насихаттау

 Қымбат Елтайқызы 04.09.2024 | 10:55
фото: olympic.kz

Астанада садақ атудан Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, 30 қазан мен 4 қараша аралығында бас қалада садақ атудан халықаралық Гран-при турнирі өтеді.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылатын додаға Қазақстан және алыс-жақын шетелдерден спортшылар қатысады, – делінген ақпаратта.

Дәстүрлі бәсеке садақ ату спортының кеңінен таралуына үлкен үлес қосқан бапкер Светлана Лиді еске алуға арналған. 

Сондай-ақ, жарыстың басты мақсаты – балалар, жасөспірімдер әрі ересектер арасында садақ ату спортын насихаттау. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама