Грек-рим күресі: екі қазақстандық балуан әлем чемпионатының кіші финалына өтті

Қымбат Елтайқызы

Олар қола үшін белдеседі

фото: olympic.kz

Испанияның Понтеведре қаласында басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды Halyq Uni

Olympic.kz мәліметінше, 55 келі салмақтағы Айбек Айтбеков турнир барысында Испания мен Грузия балуандарын айқын басымдықпен жеңді. Алайда, жартылай финалда америкалық қарсыласына айла көрсете алмай, кіші финалда күресу мүмкіндігін алды.  

87 келідегі Темірлан Тұрдыақын да қолаға күреседі. Темірлан Түркия және Жапония балуандарын жеңді. Алайда, жартылай финалда әзербайжандық қарсыласына есе  жіберді, – делінген ақпаратта.

Екі спортшымыз да бүгін кіші финалда бақ сынайды.