Қазақстандық теннисші АҚШ турнирінің келесі айналымына өтті

Қымбат Елтайқызы

Бұл халақыралық жарыста бірнеше отандасымыз бағын сынап жатыр

фото: olympic.kz

Анна Данилина жұптық сында US Open турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, ресейлік Ирина Хромачевамен бірлескен Данилина америкалықтар Дезире Кравчик пен Кэролайн Доулхайды жеңді. Есеп - 6:3, 6:4. 

1/8 айналымда Данилина және Хромачева жұбы ұлыбританиялық Оливия Николас пен словакиялық Тереза Михаликова жұбымен кездеседі.