Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Қымбат Елтайқызы

Отандық спортшылар әлем біріншілігіне дайындалып жатыр

фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, Ресейдің Чита қаласында бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогі турнирі аяқталды.

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін қазанда Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы 13 жүлде еншіледі. 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды, – деләнген ақпаратта.

57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

10 спортшы қола жүлдегер атанды: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.

Жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамызда ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтырып жатыр.