×

Париж паралимпиадасы: нысана көздеуші Еркін Ғаббасов күміс алды

Ол ел қоржынына алғашқы медаль әкелді

 Қымбат Елтайқызы 31.08.2024 | 16:05
фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық нысана көздеуші Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды, – деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Алтын медальді 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медальді 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама