Halyq Uni логотип
×

Ұлттық спорт федерациялары немен айналысып жүр

Бұл сұраққа Ұлттық спорт қауымдастығының президенті жауап берді

 Қымбат Елтайқызы 28.08.2024 | 13:50
Ұлттық спорт федерациялары немен айналысып жүр
фото: Halyq Uni

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында қауымдастық құрамындағы спорт федерациялары қандай жұмыс атқарып жүргенін баяндап берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Ұлттық спортымыздың қай-қайсысы да қанат жайып, дамуына əлеуеті мол. Дегенмен бұқаралық сипатқа ие тоғызқұмалақ пен садақ ату деп ойлаймын. Садақ ату федерациясы құрылғанымен, клубтық деңгейде əркім өз күнін өзі көріп келген екен. 2022 жылы барлық клубтың басын біріктіріп, ел чемпионаты ұйымдастырылды. Сол іс-шараға 183 садақшы мерген қатысса, бүгінде садақ атумен кəсіби түрде шұғылданушылар қатары 5 мыңға жетті. Қазіргі таңда садақ ату спортының дамуы, таралу көкжиегі қарқын алып келеді. Бұған бір ғана мысал айтайын. Түркия мемлекеті садақшылар арасында Fetih Kupası (Жеңіс кубогі) халықаралық турнирін ұйымдастырады. 10 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан сайысқа əлемнен мыңға тарта мерген қатысады. Түрік стилімен өтетін додада садақшылар адырнасын кере жебесін алыстағы нысанаға атудан тартысқа түседі. Міне, осы айтулы додада астаналық садақшы қыз Айкөркем Батихан чемпион атанды.

«Дəстүрлі садақ ату» республикалық федерация басшысы Айдос Мұқатаевтың жұмысы көңілімізді марқайтып, спортшыларымызды жаңа бастамаларға бастап жүр», – деп әңгімеледі қауымдастық басшысы.

Ат спорты Ұлттық спорт түрлерінің арасында қоғам назарын ерекше аудартып, көптің қызығушылығын арттырды, деп қосты Салжанов.

Жыл сайын кəсіби айналысатын спортшылар саны еселеніп, жанкүйерлер қатары ұлғайып келеді. Осы бағытта Қанат Көпбаев басқаратын республикалық «Бəйге» федерациясының жүйелі жұмысын тілге тиек етеміз.

Ал көкпар туралы айтатын болсақ, бұл бағытта да Бауыржан Исабаев басқаратын республикалық «Көкпар» федерациясымен жүйелі жұмысты қолға алып отырмыз. Көкпардағы мақтан тұтып айтатын үлкен жетістіктердің бірі Түркияда өткен IV Дүниежүзілік көшпелілер ойын дарында ұлттық құрамамыз чемпион атанды, – деді ол.

Əр спорт бойынша федерация басшылығын ұлттық идеяға ұйысатын, төл спортымызды жүрегімен сезінетін, обал-сауабын түйсінетін азаматтарға аманаттап тапсырдық, деп жалғастырды қауымдастық президенті.

«Мысалы, Жамбы ату федерациясының президенті лауазымына кəсіпкер азамат Еркебұлан Ілиясов тағайындалғалы осы спорт түрінен саңлақтар бірнеше халықаралық турнирге қатысып, бағын сынады. Мажарстанда, Түркияда, Моңғолияда, Араб елдерінде, Румынияда өткен халықаралық турнирлерге қатысты. Шымкент қаласында əлем кубогін өткізгенде жамбы атудан біздің басты қарсылас Араб елдерінің мергендері екеніне көзіміз жетті. Бұл түбекте жамбы ату спорты қарқынды дамып келеді.

Теңге ілу федерациясының да жұмысы жанданып келеді. Азия кубогін, Азия чемпионатын өткіздік. Тұңғыш рет ұйымдастырылған құрлық до дасына 10 мемлекеттен спортшы қатысты. Теңге ілу халықаралық деңгейде де дəріптеліп, дамып жатыр. Моңғол, қытай, қазақ стилі бойынша синтезді сайыс түрі қолданысқа енуі мүмкін. Сосын теңге ілуге мінілетін жүйрігінің бойы 160 сантиметр ден жоғары болмауы керек. Аттың шабысын, шабандоздың теңгені жерден ілудегі ептілігін лазерлік технологиямен бағалау іске қосылады. Осындай игі істің басында республикалық «Теңге ілу» федерациясының басшысы Аманкелді Əбдіқадыров тұр.

Исламбек Салжанов федерациялар жұмысының форматына да тоқталды.

Мұның барлығын неге тəптіштеп айтып отырмын? Біз əр федерацияға тізгін, шылбырын еркіне беріп, дамыту стратегиясын құруды да өздері не жүктедік. Демеуші тарту, жұмысты жүйелі өрістету ісін əр федерация өз бетінше жүргізіп келеді...

Құсбегілік бағыты жүйелі дамып, 2022 жылы елімізде тұңғыш рет құсбегіліктен əлем чемпионаты ұйымдастырылды. Айтулы додаға 7 мемлекеттен спортшылар қатысқан еді. Отандық спортшыларымыз «Бүркіт», «Қаршыға», «Ителгі» сайыс түрлерінен чемпион атанды. Алдағы Көшпенділер ойындарында спортшылары мыз жүлделі болады деген үміттеміз.

«Құсбегілік» федерациясының қысқа мерзімде осын дай ауқымды көрсеткіштерге қол жеткізуі ең алдымен сол федерацияның басшысы Берік Уəлидің еңбегі деп білемін, – деді ол.

Аударыспақтың болашақта Олимпиада бағдарламасына енуіне əлеуеті молынан жетеді, деп жалғады Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы.

«Біздің спортшыларымыз əлемдік додаларда алдыңғы сапта келеді. Мəселен, Азия кубогінің командалық есебі бойынша 1-орын иеленсе, II Əлем чемпионатында командалық есепте 1-орынға қол жеткізді. Əлем кубогінде 3 алтын, 3 қола медаль олжалады. Осындай көңіл көншітетін көр сеткіштерді «Аударыспақ» федерациясына Марат Жұманның сайлануымен байланыстырамыз.

Асық ату жалпы білім беру бағдарламасына енгізілген. Елімізде асық ату мен кəсіби тұрғыда 80 мыңға адам шұғылданады. Бұл – əрине, федерация басшысы Аслан Сұлтановтың еңбегінің жемісі», – деді Салжанов.

Ойындар қарсаңындағы «Ұлы дала жорығы» марафон бəйгесі Amanat партиясы мен Туризм жəне спорт министрлігінің қолдауымен 3-7 қыркүйек аралығында халықаралық деңгейде өтеді, дейді ол.

Ауқымды бəйгеге Иран, Түркия, Мажарстан, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей Федерациясы сынды алыс-жақын 10 мемлекеттен шабандоздар қатысады. Ботай топырағынан басталып, Астанада мәреге жететін марафон-бəйгенің ұзақтығы – 500 шақырым.

Ұлттық спорт қауымдастығына кіретін Joryq республикалық федерациясы ұйымдастыратын марафон-бəйгеде жылқы жануарының төзімділігі мен шабандоздардың рухы сыналмақ, – деді қауымдастық басшысы.

Ұлттық спорт қауымдастығына келгенімізге екі жыл болды, деп толықтырды ол.

«Осы уақыт аралығында қатарымызға 4 федерация қосылып, саны 10-ға жетті. 10 федерацияның сегізінің басшылығына жас, ұлтжанды кəсіпкерлерді тарттық. Олар құр қол келмеді, екі жылда ұлттық спортымызға жеке қалталарынан 2,2 млрд қаржы құйып отыр. Бұйыртса, бірлік пен атқарылған жұмыстың нəтижесін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көрсетеді», – деп түйіндеді Исламбек Салжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама