Еліміздің балуандары жеңіске жетті
Ресейдің Новосибирск қаласында грек-рим күресінен Аксенов мемориалы аяқталып, қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, турнир барысында екі қазақстандық балуан финалға шығып, бірі алтын, бірі күміс иеленді.
Атап айтар болсақ, 55 келідегі Аманғали Бекболатов күміске қол жеткізсе, Ғалым Қабдунасаров 60 келіде чемпион атанды, – делінген ақпаратта.
Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі де 63 келі) турнирдің қола медалін жеңіп алды. Ал 72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.