Еліміздің спортшысы каноэде есуден әлем чемпионатында қола алды
Қазақстан қоржыны медальмен толықты
Мария Бровкова каноэде есуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты.
Қазақстандық спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған, – делінген ақпаратта.
Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі. Самарқандтағы әлем біріншілігінде барлығы 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.
Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.