×

Қазақстандық балуан күрестен әлем чемпионатында күміс алды

Халықаралық дода Иорданияда өтіп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 25.08.2024 | 10:00
фото: olympic.kz

Едіге Қасымбек әлем чемпионатының күмісін иеленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, Едіге Қасымбек Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға есе жіберді, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін 65 келіде Бақдәулет Әкімжан біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама