×

Қыз зорлады деп айыпталып жатқан Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады

Кәсіпқой боксшы «лайлы әңгімелер оған мүлдем қызық емес» деді

 Қымбат Елтайқызы 24.08.2024 | 18:00
фото: Данияр Асылбек

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров ақиқат орын алатынына сенетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері маған мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті», – деді ол әлеуметтік желіде.

Кейін спортшы бүгін телеарналардың жұмыс істемеуіне байланысты журналистер баспасөз мәслихатын дүйсенбіге қалдыруын сұрағанын айтып, тілшілерді дүйсенбі күні күтетінін жеткізді.

Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді. «Үш қыз өсіріп отырған әкемін!». Жанқош Тұраров жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты. Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған қыз оқиғаны түгел баяндады (ВИДЕО).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама