Көшпенділер ойындарына 15 күн қалды
Жарыс 8 қыркүйекте басталады
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 15 күн қалды, деп хабарлайды Halyq Uni Ойындардың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8-13 қыркүйекте Астана қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Халықаралық додада барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Көшпенділер ойындарының дүбірі «Ұлы дала жорығынан» басталады. Астанада көшпенділер ойындарына арналған мурал пайда болды. Президентке Көшпенділер ойынына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды.