Тағы бір халықаралық жарыс өтіп жатыр
Күрестен әлем чемпионатында ел қоржыны тағы бір қоламен толықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Olympic.kz мәліметінше, күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы тағы бір медаль жеңіп алды.
Әйелдер күресінен 46 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Медина Қуанышбек әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды, – делінген ақпаратта.
Ол кіші финалда украиналық Евгения Друзенкодан басым түсті.
Осылайша, қыздар командасы әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтап отыр. Бұған дейін Анна Стратан (57 келі) мен Ұлдана Тілеухан (65 келі) үздік үштікке енген болатын.